Бәйшешектің әр гүлін жұлғаны үшін 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынады

Халық үні

Елімізде бәйшешек жойылып барады

Фото: iprofiles.ru

Елімізде бәйшешек жойылып барады. Оның кейбір түрлері бір ғана үлгіде кездеседі. Бұл туралы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Алматы маңында «Қызыл Кітапқа» енген бәйшешектердің бірнеше түрі өседі. Мәселен, аппақ бәйшешектер, Алатау жауқазыны, Алматы шиқылдағы, Алтай ашықтұқымды өсімдігі. Олардың нақты санының есебі жүргізілмейді. Бірақ бүгінде бәйшешектердің азайып бара жатқаны анық. Ғалымдар оның бір себебін қала кеңейіп, құрылыс жұмыстарының белсенді жүріп жатқанымен байланыстырады. Сонымен қатар көктемнің келуімен көптеген демалушылар табиғатқа шығып, гүл жарған бәйшешектерді кесіп алады. Ал бәйшешектер түйін түрінде, тұқымдармен таралатындықтан, олар көбейіп те үлгермейді. Бұл өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді дейді мамандар.

 «Бәйшешектердің таралу аймағы тарылып бара жатыр. Тау бөктерінде буферлік және қорық аумақтарын құруды ұсынып отырмыз. Соның арқасында Алматы мен Іле Алатауының табиғатының биологиялық әртүрлілігін сақтауға болады. Бұл жерлерде сирек кездесетін өсімдіктер көбейе алады. Осындай аймақтардың арқасында бәйшешектерді де сақтап қалуға болады», - деді Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ҒЗИ бөлім меңгерушісі Нұржан Мұхамедиев.

Заңнамаға сәйкес, бәйшешектерді жұлғаны үшін 1,5 миллион теңге айыппұл салынады. Құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты үш жылға дейін бас бостандығынан айыру сынды қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.