×

Францияда Әблязовке сот отырысына келмегені үшін айыппұл салынды

Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары сот процестеріне қатысудан бірнеше рет бас тартқан

 Еркеғали Болатұлы 09.03.2023 | 17:17
фото: instagram/mukhtarablyazov

7 наурызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовке сотқа келмегені үшін айыппұл салу туралы шешім шығарды. Сот оның саяси қуғынға ұшырау туралы уәждерін келмеуінің себебі ретінде қабылдаудан бас тартқан.

Мұхтар Әблязов жауап алу үшін 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс-ан-Прованс сотына келуі керек болған. Алайда сот отырысының алдында ол адвокаты арқылы саяси қуғыннан қорқатынын алға тартып, француз сотының нұсқауын орындауға ниеті жоқ екенін мәлімдеген.

Кейінірек БТА Әблязовтың сотқа келмегеніне байланысты оған айыппұл салу туралы өтініш берді. Апелляциялық сатыда сот Мұхтар Әблязовтің 2018 жылы да осындай шақыртумен келгенін анықтады. Сондай-ақ ол алдымен Англияда, кейін Францияда босқын мәртебесінен айрылғандықтан, бұл мәртебесін сотқа келмеу үшін пайдалана алмады. Оған қоса, тергеу судьясы Әблязовке сот бақылауы шарасын тағайындаған, бұл қатарға соттың өтініші бойынша келу де кіреді. Мұхтар Әблязов Экс-ан-Прованс қалалық сотының шақыртуына келмей, бұл шараны бұзып отыр, - делінген банк мәлімдемесінде.

7 наурызда Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязовтың сот шақыртуын орындамауына байланысты айыппұл салу туралы шешім қабылдаған.

«БТА Банкі француз сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары сот процестеріне қатысудан бірнеше рет бас тартты және көптеген сот шешімдерін бұзды. Соның ішінде АҚШ-та олар қылмыстық қудалауға және айыппұлдарға іліккен», - деп қосты банк өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама