Өзбекстанда біздің заманымыздың I-II ғасырларына жататын қыш құмыра табылды

Дастан Жұмабекұлы

Ол Сурхандария облысының Қарабақ ауылынан табылған

фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Сурхандария облысының Денов ауданында біздің заманымыздың I-II ғасырларына жататын қыш құмыра табылды.

Сурхандария облысы хокимиятының хабарлауынша, көне құмыра ауданның Қарабақ ауылынан табылған. Оны Бахрам Абдимуминов есімді азамат арықты қазып жатқанда көріп, құзырлы органға хабарлаған.

Көне заттың тарихи маңызын зерделеу мақсатында Термез археологиялық музейі мен Термез мемлекеттік университетінің тарихшылары оны толығымен қазып алып, қалпына келтіру және зерттеу үшін Термез археологиялық музейіне әкелді, – делінген хабарламада.

Алдын ала жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша құмыра біздің заманымыздың I-II ғасырларына жатады деген болжам жасалды. Ғалымдардың зерттеулері жалғасып жатыр.