Бес өңірдегі 32 жол жабылды

Халық үні

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді

фото: el.kz

 Еліміздің 5 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы трассалардың 32 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Қазавтожол.

Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде.

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.