Полиция олардың ата-анасымен сөйлескен
Павлодарда балағат сөз айтқан 5-сынып оқушылары есепке алынды, деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
6 наурызда кешкі сағат 20:00 шамасында кәмелетке толмаған қыздар Қайырбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің домофонын басып, «Кім?» деген сұраққа балағат сөзбен жауап берген.
Кәмелетке толмағандар – 11 жаста. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жасқа толмаған. Ата-аналар және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп жазылған хабарламада.
Оқушылар мектепішілік есепке алынды.
Айта кетейік, кеше балағат сөз айтатындарға қарсы жаза күшіне енген болатын.