×

Балағат сөз айтатындарға қарсы жаза күшіне енді

Боқтампаздар 30 тәулікке дейін қамауға алынады

 Дәурен Ерболат 06.03.2023 | 09:05
Фото: inform.kz

Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске балағат сөз айтқаны үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін норма күшіне енді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны және қорлағаны үшін құқықбұзушыға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») толықтырылды.

Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. 

Бүгінде ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындайды. Жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК (69 мың теңге), қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама