×

ТҮРКСОЙ Жазушылар одағы құрылды

Оның төрағасы болып Ұлықбек Есдәулет сайланды

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2023 | 17:10
фото: ашық дереккөз

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың бастамасымен түркі әлемінің Жазушылар одағы құрылды.

Бүгін Түрік Республикасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мен Түркіменстан Жазушылар одағының басшылары одақ құру туралы келісімге қол қойды. Түркі әлемінде алғаш рет құрылып отырған одақтың төрағалығына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

Бұл жұмысты Ұлықбек Есдәулет қазіргі қызметімен қатар алып жүреді. Түркі дүниесінің жазушылары енді көптеген жобаларды бірге атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама