×

Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан арасында атыс болды

Екі жақтан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2023 | 15:02
фото: ашық дереккөз

Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан полициясы арасында атыс болды. Екі жақтан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Соның ішінде бейбіт тұрғындар қаза тапқан.

Әзірше атысты кімнің бірінші болып бастағаны белгісіз болып тұр. Әзербайжан Республикасы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Әзербайжан әскерилері қару-жарақ пен оқ-дәріні тасымалдауы мүмкін деген күдікпен көлікті тексергісі келген.

Ал Арменияның полицейлері өздерінің жұмысқа бара жатып, қоршауға түскендерін айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама