×

Атырауда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарау-жарақ табылды (ВИДЕО)

Қару арнайы жасаққа тиесілі болған

 Дәурен Ерболат 06.03.2023 | 13:32
Фото: Halyq Uni

Атырауда полиция қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарау-жарақты тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

28 ақпанда Атырау облысының ПД қызметкерлері Ақсай елді мекеніне жақын Жайық өзенінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ сақталған орынды тапты.

Тексеру кезінде Атырау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа тиесілі Форт – 500М мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрондар, 2 ГСЗ ДК-130 гранатасы, 1 ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозағалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама