Мәскеу түбіндегі «Москокс» зауыты өртенді

Дастан Жұмабекұлы

Жарылыс алдында дронның ұшып жүрген дыбысы естілген

фото: ашық дереккөз

Мәскеудің түбіндегі Видное қаласында орналасқан газды кокс зауытында жарылыс болды.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, кешкі сағат 22:00 шамасында зауыт цехтарының бірінде жарылыс болған. Соның кесірінен өрт шығып, ол 200 шаршы метр жерді қамтыған.

Тағы бір деректерге қарағанда, жарылыс алдында дронның ұшып жүрген дыбысы естілген. Содан кейін дыбыс лезде өшіп, жарылыс болған. Өрт өндіріс орнының әр жерінде басталған.

«Москокс» зауыты «Мечел» компаниясының құрамына кіреді.