Алматы маңында жер сілкінді

Халық үні

MPV магнитудасы – 4.7

фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 2 наурыз күні 19:01-де жер сілкінісін тіркеді. 

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 272 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.2. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.