Әлем чемпионатында 13 гол салған футболшы қайтыс болды

Халық үні

Клубтық деңгейде ол марокколық «Касабланка», франциялық «Ницца» мен «Реймс» сапында өнер көрсеткен

Фото: sport24.ua

Футболдан Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Жюст Фонтен 89 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өлім себебі нақтыланбады. 

Фонтен бір әлем чемпионатындағы гол саны бойынша рекорд авторы. 1958 жылы Швецияда өткен әлем чемпионатында ол 13 гол салған. Сол кезде Франция құрамасы қола жүлде иеленген. 

Клубтық деңгейде ол марокколық «Касабланка», франциялық «Ницца» мен «Реймс» сапында өнер көрсеткен.

Бапкерлік қызметі кезінде ол Франция мен Марокко құрамасын жаттықтырды. Ал клубтардан «Баньер-де-Люшони», ПСЖ, «Тулузаға» жетекшілік етті.