×

Астанада орта мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Қалалық полиция департаменті фактіні растады

 Халық үні 01.03.2023 | 19:30
Фото:elements.envato.com

Астанада орта мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Пәтерден оның жұбайының денесі табылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Оқиға туралы Tengrinews.kz-ке оқырмандары хабарлаған. Қалалық полиция департаменті фактіні растады.

«26 ақпанда Астана полиция департаментінің 102 арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, ауруханаға пышақ жарақатымен әйел жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына.

Полиция ҚПК 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жариялауға жатпайтынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама