Ресей агрессиясын тоқтатпасақ, басқа елдерге қауіп төнеді – АҚШ
РФ-ның қазіргі саясаты әлемге қауіп төндіреді
Ресей агрессиясын тоқтатпасақ, басқа елдерге қауіп төнеді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Украинаға қарсы агрессия, оның халқына жасалып жатқан зорлық-зомбылық қана емес. Жалпы БҰҰ жарғысындағы қағидаттарға нұқсан келіп жатыр. Әлемдегі қауіпсіздікке нұқсан келді. Бұл егемендік және аумақтық тұтастық мәселесіне әсерін тигізуде,- деді Энтони Блинкен Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының пікірінше, бүгінгі Ресей агрессиясы басқа елдерге қауіп төндіруі мүмкін.
Біз оған (Ресей агрессиясына – автор) мүмкіндік берсек, ол әрі қарай жалғасуы мүмкін. Ресей агрессиясын басқа елдерге бағыттауы мүмкін. Басқа мемлекеттер оны басқаша түсініп, әр елдің бөлігінде өзінің агрессоры пайда болуы мүмкін. Ресейдің қолынан келді, біздің де қолымыздан келеді деп айтуы ықтимал. Бұл жағдай әлемдегі жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін. Ешқандай адам тұрақсыз әлемде тұрғысы келмейді. Бұл – өте маңызды. Сондықтан барлық ел бірлесіп, оған қарсы бас көтеруі керек әрі оны қабылдай алмайтынын айтқаны жөн, - деді ол.