×

Алматыда асфальт опырылып, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

Әлеуметтік желіде асфальттың опырылуынан Камаздың шұңқырға түсіп кеткен сәтінен видео тарады

 Халық үні 27.02.2023 | 22:48
Фото: instagram.com/kris__p__almaty

 Алматы қаласының әкімдігі жол төсемінің істен шығуына байланысты мердігер ұйымның үстінен шағым түсірді.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін Түрксіб ауданындағы Толмачев көшесінде асфальт ойылып түсті. Мамандар апат болған жерге барып, арнайы тексерген кезде оқиғаның жауын -шашынның салдарынан жиналған судың топырақты шайып кетуінен болғандығын анықтады. Құбыр істен шыққан жоқ. Сондықтан су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

«Жол төсемінің істен шығуына байланысты әкімдік мердігер ұйымның үстінен шағым түсірді. Аталған учаскеде 2021 жылы «Алвис» ЖШС компаниясы су құбыры және кәріз желілерін салу жұмысын аяқтаған болатын. Кепілдік міндеттемелері аясында компания ақауларды жоюға тиіс»,- деп хабарлады әкімдік.

Бүгін компания осы олқылықтарды жойды. Жолды қалпына келтірді. Биыл сәуір айында ауа райы қолайлы болған кезде асфальтты төсемді толық жөндеу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желіде Алматының Түрксіб ауданында асфальттың опырылуынан Камаздың шұңқырға түсіп кеткен сәтінен видео тарады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама