×

Килиан Мбаппе 200-ші голын соқты

Бұған дейін ол 2022 жылдың ең қымбат футболшысы атанған еді

 Еркеғали Болатұлы 27.02.2023 | 16:20
фото: sport24.ua

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан Франция чемпионатының 25-туры аясында «Марсельмен» (3:0) матчта дубль жасады, деп хабарлады Vesti.kz.

Осылайша, ол 200 гол соқты және команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен 1-орынды бөлісті.

Жеңіс ПСЖ-ға 60 ұпай жинауға және 2-орында тұрған «Марсельден» (52) 8 пунктке шығуға мүмкіндік берді.

4 наурызда ПСЖ «Нантқа» қарсы, ал келесі күні «Марсель» «Реннге» қарсы ойнайды.

Еске сала кетсек, Мбаппе 2022 жылдың ең қымбат футболшысы атанған еді. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама