Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Дастан Жұмабекұлы

Соңғы екі жылда ол Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды

фото: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып Ербол Мырзабосынов тағайындалды.

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Ол Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009-2014 жылдары Семей қалалық мемлекеттік педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі болды.

2006-2018 жылдары «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы болып қызмет етті.

2018-2020 жылдары «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры болып еңбек етті.

2021 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.