×

«Қазақ жері белгіленген». Ерлан Қарин көне картаны қолға түсіргенін айтты

Бұл – ағылшын дипломаты Энтоний Дженкинсон 1562 жылы сызған дүниежүзі картасы...

 Еркеғали Болатұлы 26.02.2023 | 17:00
фото: дереккөз

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасына көне карталардың бірін тапқанын жариялады.

Көптен бері іздеп жүрген, тарихи тұрғыдан өте құнды картаны қолға түсірдім. Оригинал карта. 1584 жылғы. Қазақ атауы мен жері белгіленген көне карталардың бірі, - деді ол, картаның суретін жариялай отырып.

Жазбаға пікір білдірген журналист Бақытбек Қадырдың айтуынша, бұл – 1584 жылғы емес, ағылшын дипломаты Энтоний Дженкинсон 1562 жылы сызған дүниежүзі картасы екен. Сондай-ақ 1570 жылы Белгияда жарық көрген.

«Карта Полшаның Вроцлав университетінің кітапханасында сақталып келген. Көлемі – 101,7 см, ені – 81,7 см. Бұрында осы жайлы жазғаным бар еді», - деді әріптесіміз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама