Қылмыскерлер түркістандық азаматтың 3 млн теңге тұратын жылқысын тартып алған (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Олар оны ұрып-соғып, қарумен қорқытқан

Фото: kazlenta.kz

Түркістан облысында полиция тұрғынның 3 млн теңге тұратын жылқысын тартып алғандарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қылмыскерлер жылқыны көлікке тиеп алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 3 адам ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болып саналады.

Айғақ зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі («Өзінше билік ету») бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.