×

Танымал қазақстандық әнші Таиландта көз жұмды

Музыкант 31 жаста болған

 Дәурен Ерболат 24.02.2023 | 16:36
Фото: Instagram/d.juzz

Танымал қазақстандық әнші Darkhan Juzz (Дархан Жүнісбеков) Тайландта қайтыс болды, деп хабарлады Cыртқы істер министрлігі.

Таиланд полициясының мәліметінше, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков (Darkhan Juzz) қайтыс болды. Қазақстандық жалдамалы мопедпен жүріп, көлік апатына түскен.

Консул қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама