×

СҚО-да генерал-майор алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қылмыстық істі Антикор қызметкерлері тергейді

 Халық үні 24.02.2023 | 11:18
Берік Біләлов, фото: ІІМ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған (ҚАЖД) Берік Біләлов ұсталды. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, Берік Біләловке 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы келіп түскен өтінішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бас прокуратураның ұйғарымымен бұл қылмыстық істі тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар Антикорға жіберілді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама