Еліміздің 11 өңірінде республикалық жолдың 32 учаскесі жабылды

Халық үні

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді

фото: el.kz

Еліміздің 11 өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы трассалардың 32 учаскесі жабық, деп хабарлайды QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.

Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде.

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.

Ситуациялық картамен мына сілтеме арқылы танысуға болады.