Рыбакина жарақат алып қалды

Дастан Жұмабекұлы

Теннисші Дубайдағы турнирден шығуға мәжбүр болды

фото: ашық дереккөз

«Уимблдон» турнирінің жеңімпазы және Australian Open чемпионатының финалисі, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды.

Теннисші өзінің неге бұлай еткенін Instagram-да айтты.

Өкінішке қарай, мен белімдегі жарақатымның сыр беруіне байланысты Дубайдағы DDF Tennis Championships турнирінің жеке және жұпты сипатты жарыстарынан шығып кетуге мәжбүр болдым. Мен аз уақытта қайта қалпыма келіп үлгеретініме сенімдімін. Енді Дубайда келесі жылы өтетін жарысқа тағы қатысуды жоспарлап отырмын. Қолдау көрсеткендіріңіз үшін рахмет! – деп жазды ол.

Бұл турнирдің екі айналымында жеңіске жеткен Елена Рыбакина енді әлемнің 6-ракеткасы Коко Гауффпен сайыстың 1/8 финалында кездесуі керек болған.