Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын 20 секундта ауыр нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Халық үні

Боксшымыз турнирдің ширек финалына өтті

фото: ашық дереккөзден

Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Болгарияда өтіпжатқан «Странджа» халықаралық турнирін сәтті бастады. 

Аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек турнирдің 1/8 финалдында Нидерланд өкілі Стэн Бертенспен жұдырықтасты. Аталған кездесу небары 20 секундқа созылды.

Жекпе-жек басталған бойда Қоңқабаев қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа жіберген. Осылайша, ауыр салмақтағы боксшымыз турнирдің ширек финалына өтті.

Ол келесі жекпе-жекте әлем және Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баһадүр Жалоловпен кездеседі.