Боксшымыз турнирдің ширек финалына өтті
Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Болгарияда өтіпжатқан «Странджа» халықаралық турнирін сәтті бастады.
Аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек турнирдің 1/8 финалдында Нидерланд өкілі Стэн Бертенспен жұдырықтасты. Аталған кездесу небары 20 секундқа созылды.
Жекпе-жек басталған бойда Қоңқабаев қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа жіберген. Осылайша, ауыр салмақтағы боксшымыз турнирдің ширек финалына өтті.
Ол келесі жекпе-жекте әлем және Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баһадүр Жалоловпен кездеседі.