Алматыдан 439 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Халық үні

Сезілуі туралы ақпарат жоқ

Фото: Тимур Батыршин

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда Алматы уақытымен сағат 16:25-те жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 439 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.6. MPV магнитудасы – 5.3. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілуі туралы ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.