×

Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

«Mercedes» және «Opel» автокөліктері соқтығысып, төрт адам қаза тапты

 Халық үні 19.02.2023 | 20:45
Фото: autoassa.ru

Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаменті хабарлады.

Оқиға 19 ақпанда түстен кейін «Самара – Шымкент» тасжолының 1767-1768 шақырымында, Сырдария ауданына қарасты Шаған және Н. Ілиясов ауылдарының аралағында болған. «Mercedes» және «Opel» автокөліктері соқтығысып, төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді. Толық дерек анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қайтыс болған азаматтар – Қызылорда облысының тұрғындары.

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама