×

Зілзала: Түркия мен Сирияда табылған қаза тапқандар саны 50 мыңға жуықтады (ВИДЕО)

БҰҰ мәліметінше, апаттан 5 миллионнан аса адам зардап шеккен

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2023 | 10:40
фото: REUTERS/Sertac Kayar

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңға жақындады, деп хабарлады Euronews.

Сондай-ақ елдің солтүстік-батысында орналасқан Сирияның да кейбір қалалары қирандыға айналды. Дроннан түсірілген видеода Джандарисе мен Африндегі қиранды көрсетілген. Онда жер сілкінісі 1 250-ден аса ғимаратты қиратты.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Сирияда барлығы 8,5 мың, ал Түркияда 40 642 адам қаза тапқан.

Қазір Түркия билігі нормаларға сәйкес салынбаған ғимараттарға қатысты тергеу аясында мердігерлер мен заңбұзушылықтарға қатысы бар басқа адамдарды ұстауды жалғастырып жатыр.

Бұл ретте 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірқатар жер сілкінісі ең ірі табиғи апат болды. Сейсмологтар 3 мыңнан аса жерасты дүмпулерін санаған. Олардың ең күштісінің магнитудасы 7,8 балға жетті. Бір ғана Түркияның өзінде 80 мыңнан аса ғимарат қирап, ондаған провинцияның жүздеген мың тұрғыны баспанасыз қалып, босқынға айналды.

БҰҰ мәліметінше, апаттан 5 миллионнан аса адам зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама