Қарағандыда әкімнің орынбасары пара күдігімен қамауға алынды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір таңда қылмыстық тексеру болып жатыр

фото: ашық дереккөз

Қарағандыда әкімнің орынбасары пара алды күдікпен құқық қорғаушылардың қолына түсті.

Әңгіме қаладағы Әлихан Бөкейханов ауданы әкімінің орынбасары жайлы болып отыр.

«Вечерняя Караганда» газетінде хабарланғандай, мұны Қарағанды облыстық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Мұрат Төлеубаев мәлімдеген.

«Мен деректің анықтығын растаймын. Қазір қылмыстық тексеру болып жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ», – деді ол.