×

Түркиядағы 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері ұшақпен елімізге қайтарылды

 Халық үні 18.02.2023 | 08:45
Фото: facebook/kzembassy

Түркиядағы 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанға жіберілді. Бұл туралы Түркиядағы Қазақстан елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

«Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардан жиналған 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері және 2 Түркия азаматы Қазақстаннан келген ұшақпен Алматыға қайтарылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.

Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама