Атырауда ит талаған баланың адам шошырлық суреттері жарияланды

Халық үні

Бала травматикалық шок жағдайында бірден жансақтау бөліміне жатқызылған

Фото: russia-today.net

15 ақпанда Атырауда ит талаған 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті. Әлеуметтік желіде оның суреттері пайда болды, деп хабарлады orda.kz.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оның басы мен аяғында жарақаттар бар.

Бала травматикалық шок жағдайында бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қазір тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл үй иті ме әлде қаңғыбас ит пе, ол жағы нақтыланбаған.