Маңғыстау облысында өткен жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды

Халық үні

Жас келіншектің жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау пойызына билет сатып алғаны белгілі болды

Фото: inaktau.kz

2022 жылғы қыркүйекте із-түзсіз жоғалған Маңғыстау облысының тұрғыны Жания Абдуллаева тірі табылды. Бұл туралы сәрсеніде LIDER.KZ  еріктілері Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

2022 жылғы 29 қыркүйекте 3 баланың анасы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында ауруханаға жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған.  Жас келіншектің жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау пойызына билет сатып алғаны белгілі болды.

Әйелдің туыстары Жанияны іздеу үшін көпшіліктен және құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Алайда көп уақыт іздеу нәтиже бермеді.

Еріктілер әйелдің қалай табылғанын айтпаған.