Дәулет Тұрлыханов ұлының ерлі-зайыптыны ұрып-соққанын мойындады

Дәурен Ерболат

Қылмыстық іс прокуратураға жіберілді

Фото: mail.kz

Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов өз ұлының алматылық ерлі-зайыптыны аяусыз ұрып-соққанын растады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ол кәмелетке толған. Иә, ол – менің ұлым. Ол барлық әрекеті үшін өзі жауап береді. Құқық қорғау органдары соңғы шешімді шығарады, - деді Дәулет Тұрлыханов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда заңгер әйел мен оның соққыға жығылғаны туралы жазған болатынбыз. Cондай-ақ Дәулет Тұрлыхановтың бірмандаттық сайлау округі бойынша Мәжіліс сайлауына қатысатыны хабарланған.