Алматыда автобус өртенді (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Тілсіз жау оқшауланып, 5 минуттан кейін сөндірілді

фото: ашық дереккөз

Алматының Медеу ауданында автобус өртеніп кетті. Қаланың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 8.27-де өрт сөндірушілерге Төле би көшесі мен Шығыс айналмалы автожолының қиылысында «ЛиАЗ» автобусы жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт аумағы 25 шаршы метр болған. Өрт кезінде кабинада жолаушылар болмаған.

Тілсіз жау оқшауланып, 5 минуттан кейін сөндірілді.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккен адам болған жоқ.