Президент Үкіметке Түркияға қосымша көмек беруді тапсырды
Елімізден ең қажетті заттар жіберіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.
Бұған дейін президент Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған болатын.