×

Президент Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды

Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін түнде Анадолы елінде тағы 4 балдық жер сілкінісі болды

 Халық үні 08.02.2023 | 08:55
Фото: news.sky.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр, – делінген хабарламада.

Кеше Түркияға жеткен қазақстандық құтқарушылар Ибрахимили ауданындағы үйінді орнынан видео жариялады

Анадолу агенттігінің хабарлауынша, соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алған. Ал бүгін түнде Анадолы елінде тағы 4 балдық жер сілкінісі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02