Түркиядағы қырғызстандық әйелдің әрекеті Қазақстан халқын қуантты (ВИДЕО)

Халық үні

Желіде видео пайда болды

фото: видеодан скриншот

Түркиядағы қырғызстандық әйелдің мейірімді әрекеті Қазақстан халқын қуантты, деп жазды tengrinews. 

Ол қазақстандық құтқарушыларға қолдан жасалған мәнті дайындап әкелген. Желіде видео пайда болды.

«Біз Қырғызстаннанбыз, қазақстандық құтқарушыларды көріп қалдық. Сіздерге мәнті дайындадық. Мұнда басқа тамақтар бар, бірақ біздің мәнті жоқ. Сондықтан, міне, сіздерге тез мәнті дайындап әкелдік», - дейді әйел.

Еске салайық, апат аймағында 100-ге жуық қазақстандық құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.