Су тасқыны болады: Қазгидромет ескерту жасады

Халық үні

13-15 ақпан аралығында 3 өңірге қауіп төніп тұр

фото: egemen.kz

Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірдегі өзендер суының көтерілетіндігі туралы хабарлады.

«13-15 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжанады.

Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы салдарынан өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы ескертіледі», - делінген хабарламада.