×

Мажарстандағы турнирде қазақстандық 4 боксшы чемпион атанды

 Халық үні 12.02.2023 | 06:37
© inform.kz

Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазірге дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Финалда Теміртас Жүсіпов Асылбек Аманкул уулуны, Серік Теміржанов бельгиялық Василе Устуроені, Саматали Төлтаев австралиялық Фредом Дззивиді жеңді,

Ал Дулат Бекбауовтың қарсыласы украиндық Ярослав Михалушконың жекпе-жекке шығудан бас тартуына байланысты жеңімпаз атанды.

Енді ел құрамасынан Аятулла Тәкіжанов (75 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама