×

Боксшы Теміртас Жүсіпов алтын медальді жеңіп алды

Ол 48 келіге дейінгі салмақта қырғыз спортшысы Асылбек Аманқұл уулудан айласын асырды

 Дастан Жұмабекұлы 11.02.2023 | 22:22
фото: ашық дереккөз

Боксшы Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында қырғызстандық Асылбек Аманқұл уулудан айласын асырып, жеңімпаз атанды.

Осылайша, Теміртас Жүсіпов Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Бұған дейін ол өзбек боксшысы Дониер Бекмуродов пен әзербайжан Турал Сариевті жеңген болатын.

Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы (2013).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама