×

Бір литр сүт – 14 млн теңге: Білім басқармасы Антикор ақпаратына жауап берді

Қармақшыдағы мектептердің бірі 1,6 млн теңгенің күртешесін сатып алуды жоспарлаған

 Ербол Тұрымбет 25.03.2022 | 18:37
көрнекі фото: elements.envato.com

Антикор қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімінің бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағанын анықтады. Қайта тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген.

Осыған байланысты бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мемлекеттік сатып алуға байланысты БАҚ өкілдеріне түсіндірме жасады.

Басқарма басшысының айтуынша, әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта техникалық ақауға байланысты. Онда Шиелі аудандық білім бөлімі бір литріне емес, бір жылдық қаражаттың көлемін көрсеткен.

«Бұл мәселелерге қатысты тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Шиелі аудандық білім бөлімі 1 литріне емес, 1 лот яғни жылдық соммасын 14 млн 577 мың теңгені көрсеткен. Ал Қармақшы аудандық білім бөлімінің №275 орта мектебі мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру барысында техникалық қателік жіберілгені анықталды. Яғни бір күрткенің негізгі бағасы – 16 701,43 теңгеден болуы қажет. Алайда техникалық қателіктің кесірінен 1 млн 670 мың 14 теңге көрсетілгені анықталды. Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бөлінген қаржыға сәйкестендірілді. Ал жауапты сала мамандарына тәртіптік шаралар қолданылды», - деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Айта кетейік, Агенттік қызметкерлері арнайы мониторинг барысында Қызылорда облысындағы осындай бірқатар деректі анықтады.

Мәселен, Қармақшы ауданындағы №275 орта мектептің балаларға 1 670 143 теңгенің күртешесін сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Жалпы 208 миллион теңгеден аса сомаға 125 күртеше сатып алу жоспарланған. Ұсынысқа сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілген. Жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңгеден асты. 206 680 197 теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат қайтарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23