Жамбыл облысында қар құрсауынан 68 адам құтқарылды

Динара Амантай

Оның ішінде 12 жеңіл автокөліктен 9 бала құтқарылды

фото: ашық дереккөз

10-11 ақпанда ауа-райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысының республикалық және облыстық маңызы бар әртүрлі бағыттардағы автожолдар учаскелерінде қозғалыс жабылды.

11 ақпанда сағат 01.00-ден 06.30-ға дейінгі кезеңде Күйік –  Қарабастау – Қаратау және Қаратау – Жаңатас автожолдарының екі учаскесінде Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен қар құрсауында қалған 12 жеңіл автокөліктен 68 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.