×

Түркияда қираған ғимараттар мен дүкендерді тонаған бұзақылар ұсталды

Қаза тапқан адамдардың бағалы бұйымдарын шешіп алып жатқан видео жарияланған

 Дастан Жұмабекұлы 10.02.2023 | 15:30
фото: ашық дереккөз

Түркияда қираған ғимараттар мен дүкендерді тонаған бұзақылар ұсталып, жазаланды.

Қаскөйлер елдегі қаралы жағдайды пайдаланып, қирап жатқан дүкендерден заттар әкетіп, пайда табуға тырысқан. Әлеуметтік желідегі бейнежазбаларда олар қаза тапқан адамдардың денесінен бағалы бұйымдарды шешіп алып жатқаны жарияланған. Олардың мұндай әрекеті көптің наразылығын тудырып жатыр.

Қазір жергілікті тұрғындар ұрыларды қолға түсіріп, өз бетінше жазалауға кіріскен. Жазалау кезінде олар мұндай қадамға мәжбүр болғандықтан барғанын айтқан. Себебі, гуманитарлық көмек әлі жеткізілмеген көрінеді. Сол себепті кей жерде кәсіпкерлер өз бетінше сауда орындарын күндіз-түні күзетуге мәжбүр болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама