Олар ұлттық нақышта салынады
Samruk-Kazyna Construction АҚ басқармасының төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қай өңірлерде жаңа білім ордалары салынатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
3 жылда елімізде 401 жайлы мектеп бой көтереді.
Жаңа ғимараттарды салуға отандық үздік инженерлер, сәулетшілер мен дизайнерлер тартылып, заманауи технологиялар қолданылады. Жобалық-сметалық құжаттамаға ашық конкурс негізінде біздің компания интерьер дизайны мен сәулеттік шешімдерді әзірлеу кезінде бірқатар элементтің ұлттық нақышта болуын талап етеді, - деді Мәулен Айманбетов.
Оның айтуынша, жаңа мектептер алдымен орын тапшылығы бар өңірлерде салынады.
Жаңа білім ордалары ең алдымен мектеп тапшылығы бар аймақтарда салынады. Жоспарға сәйкес, мектептердің көпшілігі Алматы облысында – 63, Түркістан облысында – 63, Шымкентте – 25, Маңғыстау облысында – 24, Астанада – 24, Алматыда – 22 салынады. Қалған мектептер шағын қалаларда, жалпы Қазақстан бойынша бөлінеді. Мектептер құрылысының нақты мерзімі мен ондағы оқушының саны белгіленді. Мысалы, Алматы облысында 63 жаңа мектепте 136 мыңға жуық бала оқи алады. Елордадағы 25 жаңа мектеп 88 мың оқушыны қабылдай алады, - деді басқарма төрағасы.