Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты

Қымбат Елтайқызы

Президенттің сөйлеген сөздері мен суреттері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр

фото: Борт №1

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ұштомдық жинақ жарық көрді. Аталған жинақта Мемлекет басшысының ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған. Сонымен қатар кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдаулары енді.

Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты көрермендерге ұсынып отыр. Сондай-ақ жинақта Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттер берілді. Кітапта жарияланған материалдарды қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат деп санаймыз, – дейді Борт №1 телеграм каналы.

Тоқаевтың сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.