×

Қарағанды облысында балалардың тегін спорт үйірмелеріне 2 млрд теңге бөлінді

Спорт қызметін ұсынушылар анықталды

 Дәурен Ерболат 08.02.2023 | 12:20
Фото: gov.kz

Биыл Қарағанды облысында балалардың тегін спорт үйірмелеріне 2 млрд-тан аса теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2023 жылы тегін спорт секцияларын қаржыландыруға 2 млрд 164 млн теңге бөлінді. Өңірде Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қарқаралы, Шахтинск, Саран, Бұқар жырау, Осакаров, Абай және Шет аудандарынан 48 спорт қызметін ұсынушы жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ArtSport бағдарламасымен 560 мыңнан аса бала мен жасөспірім қамтылатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама