АҚШ Украина әскеріне тағы 2 млрд доллардың әскери көмегін жібергелі жатыр

Еркеғали Болатұлы

Қазір негізгі шайқас Донецк облысының Бахмут, Авдеевка қалалары үшін жүріп жатыр

фото: kostanews.ru

Америка Құрама Штаттары Украина үшін тағы 2 миллиард доллардың әскери көмегін әзірлеп жатыр, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Мәліметке сүйенсек, жаңа пакетке 150 шақырымға жететін зымырандар, оқ-дәрілер және өзге де қару кіреді.

Айта кетсек, қазір негізгі шайқас Донецк облысының Бахмут, Авдеевка қалалары үшін жүріп жатыр.

Бұған дейін Ресей армиясы Благодатное ауылын басып алып, Бахмуттың солтүстігінен 5 шақырым жердегі негізгі жолдардың біріне жеткені хабарланған еді. Алайда Украина әскери қолбасшылығы бұл ақпаратқа қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.