×

ҰҚК қылмыстық топтан 103 келі синтетикалық есірткі тәркіледі

Күдіктілер есірткіні қалаларда сатпақ болған

 Дәурен Ерболат 01.02.2023 | 14:33
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Комитеттің мәліметінше, олар Қазақстанда аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізген және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған деген күдікке ілігіп отыр.

Мефедрон және альфа-PVP әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы кездесусіз алынып отырған. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен 2 көмекшісі ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.

Қылмыстық топ ескірткіні Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында таратуды көздеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама