Шымкентте кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Қымбат Елтайқызы

Қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан үй немесе көлік сатып алуға көмектесуді ұйымдастырған

скриншот: әлеуметтік желі

Шымкентте өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан үй немесе көлік сатып алуға көмектесуді ұйымдастырған. Сенгіш азаматтармен тұрғын үй немесе көлік сатып алуға ақшалай көмек көрсету туралы келісім жасаған күдіктінің кім екені анықталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланды.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша тіркелді.

Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделгендей, қаржы пирамидасын құрғандарды мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.