Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі бар

Дастан Жұмабекұлы

ТЖД туристер мен демалушыларға ескерту жасады

фото: ашық дереккөз

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы парақшасы арқылы ескерту жасады.

Алматы облысының тауларында 1-5 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі болады. Соған байланысты, туристер мен демалушылардан қар көшкіні қаупі болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауларыңызды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада. 

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде – Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай ауданында 48 көшкін қаупі сақталған учаске бар. Негізінен қар көшкіні күн жылынса немесе жаңбыр молынан жауып, қар көп түссе болады.